ӘУЕНДЕ

lat: ÁÝENDE

е т. 1. Ырғағын келтіру, ән салу, әуенге салу. Кеудемдегі ұнамсыз сезікті ескермеуге тырысып, манағы бір жыр жолдарын баяу әуендеймін (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.).

Ұласты Алатауға Арқадағы үн.

Жайлауын жадыратып Қарқараның.

Әуендеп аспандата асқақ жырмен,

Мендағы қосыламын, ән саламын (Ж.Сыздықов, Асулар).

2. а у ы с. Еліктеу, еру. Ата-анасының еңбеккерлігін көре тұра балалар да соларды әуендейді («Халық мұғ.»).