ӘУЕНДІ

lat: ÁÝENDİ

с ы н. Әуезді, сазды. Сыбызғышы құлжаның өңешімен қаптап, сегіз тесік жасап саңғырата кептіріп алса, ол тіптен әуенді болады (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Ахмет Ясауидің мавзолейі жақтан сызылта салған намаздың азаны естіледі. Сабырлы, әуенді, қоңыр үн (Д.Досжанов, Тұлпар.). Біз Украинаның әуенді саздарын, жалынды жырларын тыңдай береміз (С.Мәуленов, Шыңда.). Бізге түсініксіз әуенді, сазды бір тілде келте жауап қайтарды (Ә.Шәріпов, Алыс.).