ӘУЛЕТ

lat: ÁÝLET

 з а т. <грек. > Бір атаға жататын үрім-бұтақ, тұқым, заузат.
Ондай мінез жоқ менің әулетімде.

Ар-намысым - Сол байлық,

Дәулетім де,

Жалбақтауға уақыт бөлінбепті,

Маған деген табиғат мәулетінде (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Сырымбет әулетінен таралғамын,

Хангелді қасиетінен нәр алғанмын.

Әкемдей малжанды боп, өріс күйттеп,

Жарамас жабағы үйде қамалғаным,

Жанымды тұншықтырған бар арманым (М.Мақатаев, Шығ.).

- Сөзіңе, - деді түлкі, - тұрмын нанбай,

Мені де көңілің бар малдағандай?

Адамның арқан ескен әулетісің,

Өтірік үзік жібін жалғағандай (О.Шораяқов, Шайыр).

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші, Қызылордада Қожықовтар әулетінің өмірі мен шығармашылық жолына арналған облыстық өлке зерттеу музейінде арнайы зал ашылды («Алматы ақшамы»).