ӘШЕКЕЙСІЗ

lat: ÁSHEKEISİZ

с ы н. 1. Ою, өрнексіз. Кіршіксіз ақ жаға, әшекейсіз жққа қара бешпет, сәл етжеңдеу қызыл шырайлы ақ жүзін айқындап аша түскен (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.). Демалыс күндері, театрға барғанда, мейрамдарда киетін костюм, әдетте, қара, көк түсті бағалы матадан тігіледі. Аса бір айрықша әшекейсіз, бірақ көрер көзге көрікті, сәнді болады жөне оны әдетте біркелкі ақ жібек жейдемен киеді (С.Байжанов, Сыр.).

2. а у ы с. Боямасыз, қоспасыз, шынайы. Қалибектің актерлік қасиеті қандай рөльді орындаса да жан-төнімен беріле, ішіне кіре, әшекейсіз, өсіресіз адал ойнауында («Қаз. әдеб.»).