БАҒАЛАУ 2

lat: BAǴALAÝ2

Бағала етістігінің қимыл атауы. 1. э к о н. Тауарды ызметті, бағалы қагазды) өткізу, тауардың ақшаға шаққандағы құнын есептеу. Дамыған нарықтық экономика жағдайында бағалау жер үлестерін сатуда, үй және пәтер саудасында, өндірістік қуаттарды сатып алу немесе инвестицияларды іске асыруда қолданылады (ҚҰЭ).

2. п е д. Оқыту нәтижесін анықтау цшін қолданылатын тәсіл, оқушының білім сапасын айқындау. Оқытушылардың міндеті - сапалы білім беру, ал оның нөтижесін бағалау төуелсіз орғанға жүктелу керек («Жас Алаш»). Сондай-ақ мектеп төжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады (ҚҰЭ).

3. с о ц и о л. Әлеуметтік өзгерістерге, қоғам мүшелері ретіндегі жеке адамдардың қызметіне, мінез-құлықтарының мәнділігін, қогамдағы белгілі бір нормалар мен принциптерге сәйкестігін анықтау. Бағалау жеке адамның не әлеуметтік топтың мәдени жөне адамгершілік даму дәрежесімен тығыз байланысты (ҚҰЭ).

4. а у ы с. Анықтау, бағасын беру, сынау, мәнін, парқын айқындау. Эпикалық өсірелеу төсілімен жасалған батырлық жырларды аты аталатын қаһармандар мен тарихта жасаған нақтылы қайраткерлерді бір өлшеммен бағалау көп қателіктерге жол ашқан («Қаз. әдеб.»). Маңызды жетістіктерге экологиясы лас аймақтардағы өскен ағаштардың радионуклидтерінің мөлшерін бағалау жөне бұл ластану қай уақытта болғанын анықтау үшін радиография әдісін зерттеу жатады («Егемен Қазақстан»). 2001 жыл да аяқталып қалды. бұл - ел төуелсіздігіне 10 жыл толған жыл. Бұл өткен жолымызды бағалауға, болашақ мақсаттарымызды анықтап алуға негіз болмақ («Егемен Қазақстан»).

5. Құрметтеу, қадірлеу. Біз, еңбекшілер, осы күшпен ғана есептесуге, соны ғана бағалауға, соған ғана сүйенуге міндеттіміз (С.Мұқанов, Есею жыл.).Қарамеңді баласын тоқтатуға асықты. - Бәрің де әдемісіңдер, тек соны бағалауларың әдемі емес (Ж.Молдағалиев, Сарыарқа).