БАҚСЫ

lat: BAQSY

з а т. к ө н е. 1. Ежелгі түсінік бойынша тылсым әлеммен байланыс жасай алатын тәуіптік, көріпкелдік, т.б. ерекше қасиеттері бар адам. V ғ. ғүн патшасы Еділдің айналасында көптеген даңқты бақсылар болған (ҚҰЭ). 451 жылғы Каталаун шайқасының тағдырын бақсылар құмалақ ашып, бірнеше күн бұрын айтып берген. Болжам дол келген (ҚҰЭ).

2. Әртүрлі тәсілдерменамыр ұстау, дем салу, ойнау] сырқат адамдарга ем-дом жасаушы, тәуіп. Емшілердің басты өкілі-қолына домбыра не қобыз ұстаған қазақ бақсысы (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). Бақсы қобызын тастап, өзіне һәм науқасқа әр түрлі тамаша ойын-зықыр көрсетеді. Зықыр көрсеткен соң науқас адамның сырқатын қашан һәм не себептен жабысқанын, бұған қандай дәрі керек екенін айтады («ДУГ»). Бақсы келіп, жынын шақырып, отқа әбден қызарған, төрт кетпенге жұртты шақырады (М.Дулатов, Шығ.).