БАЛДЫР

lat: BALDYR

з а т. ө с. Төменгі сатыдағы өсімдіктер қатарына жататын, ұрық шашу арқылы көбейетін, құрамында хлорофилі бар, су астындағы топырақтың беткі қабатында өсетін жұмсақ шөп. Азот- сүйгіш өсімдіктерге: күнбағыс, қалақай, таңқурай, зығыр, балдыр, саңырауқұлақ т.б. жатады (Қаз. тілі термин. Экология). Виктордың сөзін растағандай болып, көктем гүлдері теңіз балдырларынан табылатын маржанша сан сәуле шашып ойнады (Ш.Мұртазаев, Табыл. теңіз).