БАЛДЫР

lat: BALDYR

с ы н. 1. Бүлдіршіндей жас.

Болатпен бел буынған жап-жас балдыр,
Күреске бұйырған күн өмір, тағдыр,

Автоматтан сен атқан айбынды оқтар,

Жаудың отын өшірген болды жаңбыр (Біздің Мәлік.).

Сенің жасың маған шер боп, балдырымда-ақ күйгенмін.

Теңдік алсам, өсіп ер боп,

Жүрекке ант қып түйгенмін (С.Сейфуллин, Өлеңд.).

Балдырған балдыр балалар

Мойнына қызыл байлаған (Жамбыл, Шығ. жин.).

2. Жас, жаңа, алғашқы.

Сіміріп жұпар исін балдыр гүлдің,

Қиялын тербетпеген аппақ қайың.

Ойнақтап жас шағында жартасында,

Кезбеген қара- қатты әрбір сайын (Пернедегі терме.).