БАЛҚАРАҒАЙ

lat: BALQARAǴAI

з а т. ө с. 1. Жапырағы таспа тәрізді, қысқа қарай түсіп қалатын, қылқаанды қарағай. Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Ереймен тауларында ең алдымен гранит тасты жарып өсетін балқарағай, тырбық қарағай, тау аралығындағы ылғалды ойпат, өзектерде сылдырап аққан күміс бұлақтарды көмкере өскен әдемі ақ қайыңдар, боз талдар ерекше көзге түседі (Н.Баяндин, Атамекен). Борша қоректенуге күндіз шығады. Оның негізгі азықтары - самырсын, балқарағай жөне шырша жаңғақтары (Қазақст. аң байлығы).

2. б о т. Қарағай тұқымдасына жататын қосжынысты, бірүйлі өсімдік, қылқан жапырақты биік ағаш. Балқарағай қосжынысты, бірүйлі, көктемде гүлдейді, ал жемісі күзге таман бүрімен қатар пісіп жетіледі (ҚСЭ). Қазақстанда балқарағайдың Алтай мен Тарбағатайдың таулы ормандарында өсетін бір-ақ түрі бар (М.Қажымұратов, Пайдалы өсімдік.). Базары тарқай бастағанмен, дөл осы кезеңде балқарағай мен жеміс-жидек пісіп, жайлаудың тағы бір қызығы басталғандай болады. Алтай қазағы осы мезгілді саржайлау десетін (Ә.Асқаров, Мұнар тауды.).