БАНК

lat: BANK

ранц. banquе] з а т. қ а р ж ы. Ақша айналымын басқаратын, несие беретін, жеке тұлғалар мен мекемелердің арасындағы ақша айналымын жүзеге асыратын қаржы мекемесі. Банктер көсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді (ҚҰЭ). Барлығы бар,

Барлығы бар,

Сарай бар.

Ұрықсат жоқ ұстауға тек малайлар.

Жеке меншік банкісі жоқ демесең,

Ротшильдтен кем тұрмайды талайлар! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Еліміздің парламенті мемлекеттік материалдық резерв, түрғын үй құрылысы, жинақ ақшасы, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс, коммерциялық емес ұйымдар қызметі, тұтыну кооперативі, Қазақстанның Даму банкі мәселелерін реттейтін, еліміз үшін маңызды заңдарды қабылдады («Егемен Қазақстан»). Қазіргі кезде Үкіметтің қаулысына қол қойылған жөне айрықша спектроскопиялық жабдықты алу үшін қаржы бөлуге Ислам даму банкімен келісімге қол қоюға Қаржы министріне нұсқау берілген («Егемен Қазақстан»).