АҒА

lat: AǴA

зат. 1. Бірге туған, жасы үлкен бауыр.

Алдымда менің ағам жоқ,

Артымда менің інім жоқ.

Қабылда, ана, анам боп,

Қалмақпын сенің ұлың боп (2,321).

Ал енді сен азаматсың! деп маған, Арбасына отырды да кетті ағам. Тағы да бір қайырылмас па екен деп, Тозаңдатқан қара жолды бетке алдым (1,182).

2. Туыстығы жоқ, жасы үлкен ер адам.

Білесің бе, аға? Бұл жақтан енді кете алман! Кете алмаспын деп, келген бойдан-ақ бет алғам?! (3,29).

Баяғыдай күреңге ер саламын, Өріс қарап, сонылы жер шоламын. Баяғыдай жеңгеммен әзілдесіп, Халін сұрап қайтамын көрші ағаның (3,187).

3. Ақылшы, қамқор адам.

Асқақ ой, арыңа құштар ем,

Аға едің, ақылшы ең, ұстаз ең.

Өмірде өзіңдей болсам деп,

Еліктеп жолыңды ұстап ем (1,118).

Сайрандап күнде келетін,

Саялы баққа барабар.

Сан етін ойып беретін,

Қай жақта жүрсің, ағалар? (2,23).

...Солар туралы, қымбатты Димаш аға , еш бүкпесіз жүрегіммен қан жылап тұрып айтсам деп едім (5,223).

4. ауыс. Ең үлкені, басы, бастысы.

Бар кітапқа бас болған Әліппе ғылым ағасы.

Әліппеден басталған Даналықтың данасы (3,272).