АДЫМ

lat: ADYM

зат. Жүру кезіндегі екі аяқтың ара қашықтығы.

Мен жырламаймын,

Сырласамын.

Сыры бар замандаспен мұңдасамын.

Асыққан уақытпен,

Адымымды,

Абайлап анда-санда бір басамын (3,266).

Шашымның санап әр ағын,

Таңырқай берме, қарағым.

Санаулы басқан әр адым,

Отыздан асып барамын (1,93).