АДЫМДА

lat: ADYMDA

ет. 1. Адымдап басу, қадамдау.

Алшаң басып, асфальтпен адымдасам,

Адам жүрер мекеннен табылмасам,

Қайтер еді? Мейірі түскен жанды,

Мекерсініп, менсінбей қабылдасам! (2,87).

Қияны кезіп, адымдап мен де басқанда,

Жалтырап жатты қар ма әлде құж-құж тастар ма?

Шетсіз де шексіз көсіліп жатқан бір тыныш.

Қаршыға шыдар қадалып тұрған аспанға (4,30).

2. ауыс. Күшті қарқынмен ілгері басу, қарыштау.

Адымдай бер, адымда!

Адымда, Май!

Күреңітпей, бұлттанбай, дауылдамай.

О, Жарық! Құйыла бер, құйыла бер,

Құйыла бер бір сәт те дамылдамай! (2,235).