АЙНА

lat: AINA

зат. 1. Өз бейнесін айнытпай көрсететін бұйым .

Айнадағы әсем жүзге төнесің,

Төнесің де, өз бейнеңді көресің.

Тастауға асық тіршілікке бейнеңді,

Қайталансын бұл өмірге келгесін (4,8).

Әлгіндегі қызулығы басылып, айна алдына барып, қобыраған шашын ретке келтірді (4,157).

2. ауыс. поэт. Көздің қарашығы.

Жүрек көзден сақтағысы келеді,

Ант етеді, мақтанышы көреді.

Ал көз сенің ұмытылмас бейнеңді,

Айнасында ап қалғысы келеді (4,29).

3. поэт. Мөлдір, таза.

Ертеңгілік, сүттей таза күллі жақ.

Аяз барып әлдеқайда жайғасқан.

Жалғыз ғана терезелер тұр жылап.

Ашық ауа. Айнала аппақ, айна аспан (1,108).