АҚПАН

lat: AQPAN

зат. Қыстың үшінші айы.

Ақпан, ақпан. Қыс әлі.

Ақ түтек аяз қысады,

Арылмай жатыр даладан

Ақсақал қыстың құшағы (3,286).

Ақпан кетті араз боп наурызбен,

Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.

Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,

Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен (3,207).