АҚЫЛДЫМ

lat: AQYLDYM

зат. 1. эмоц.

Жақсы көрген адамға айтылатын сөз .

Ақылдым-ау , неге сен қарамайсың?!

Кейде өзің де қызықсың...баладайсың.

Күш сезімді күрес деп санамайсың,

Сонда қалай? Қалай деп бағалайсың? (2,266).

2. экспр. Жек көретін адамға айтылатын кекесін сөз.

Айға ұшып бара жатырмын,

Мұны да сына, ақылдым.

Әйтеуір, мені қатырғын,

Туын жық тұғыр ақынның! (3,71).