АҚЫМАҚ

lat: AQYMAQ

зат. Сана-сезімі жұтаң, ақылы аз адам .

Сөз түсінбес ақымақ

Сөйлей беріп көпіріп.

Жеңіп шығар ақыр-ақ

Абыйырды кетіріп (1,74).

Ақымаққа болмайды ақыл айтып,

Алдап кетер көзіңді бақырайтып.

Ағажан, маған несін әуре болдың

Бір ауыз сөзіңізге татымайтын (2,137).

Тағдыр дейміз, тағдыр дейміз ашына.

Талақ тағдыр, күйбең тірлік алдайды.

Ақымақтың бақ боп қонып басына,

Ақылдыдан аулақ кетер, бармайды (2,38).

//Сын есім мағынасында .

Ақымақ директор (қатын), оның итаршылары шабуыл жасап бағыпты (4,53).