АНАШЫМ

lat: ANASHYM

зат. эмоц. Анажаным, анатайым .

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,

Оқуын ұлың жақсы аяқтады.

Анашым, білем сені, қарсы емессің,

Кеттім мен тың даланы оятқалы (1,84).

Жол үстінде ор жоқ деуге қалай ғана нанасың,

Жолдар, жолдар, үйден шалғай қайда әкетіп барасың?

«Орға ұрынбай, жарға ұрынбай айналып өт!» деп маған

Бекер ғана айтыпсың-ау, бекер, бекер, анашым (2,275).