АРЫСТАН

lat: ARYSTAN

зат. 1. Мысық тұқымдас ірі жыртқыш аң .

Алажабақ тағыға мен қарап тұрып алыстан:

Тағы да бір құбыжықпен зәре ұшыра табысқам.

Қарсы алдымда қасқайып тұр айғыр жалды арыстан (5,7).

Тек өлмейік намысты қолдан беріп,

Қолдасайық, жасайық қорған берік.

Ата қазақ Анасы деседі ғой

Арыстанның өтіне болған жерік (3,231).

2. ауыс. Азулы, мықты, ер жүрек адам .

Құр алақан емеспін қуаныштан, 

Қуаныштар алдымда құрақ ұшқан.

Бір арыстан өмірден өткенімен,

Өмір сүріп келеді тірі арыстан (3,119).

Қашан да тыныштығын қара бастың,

Сірә да, тыныштыққа баламаспын.

Сондықтан Сонгмидің сәбиін мен,

Аузынан арыстанның ала қаштым,

Жасқанбай жауыздықпен жағаластым (2,231).