АТЫЗ

lat: ATYZ

зат. кәсіб. Егістік жерге су тегіс жайылу үшін жан-жағы биіктетілген шахмат тақтасы тәрізді төрт бұрышты тегіс жер.

Жайылымдар көктемде, көк майсамен жабылған,

Жасыл бұршақ жасырынып, атыздарда жарылған.

Әуе шаншып, әлек болып, нәзік найза пияздар,

Алма ағаштың әр бұтағы гүл шоқтарын жамылған (3, 310).