АУДАРУ

lat: AÝDARÝ

Аудар етістігінің (екінші омоним) қимыл атауы .

«Өмірбаяным өлеңімде» деп Есенин бекерге айтпапты. Мұзафардың «Көңіл күні» таңдамалысын аудару үстінде Есениннің осы сөзі ғайыптан еске түсті (4,282). Италияның ұлы ақыны Данте Алигьеридің «Тәңір тәлкегі» дастанын аударумен жылдар бойы шұғылданып жүрмін (4, 88).