АЩЫ

lat: Ashshy

сын. 1 . Сор дәмі бар, тұзды .

Бойымды шарпып бір жылу,

Аймалап іздеп тапқандай.

Көсілген көзден ащы су,

Досыма мұңын шаққандай (1,16).

2 . Ауызды, тілді дуылдататын, ашты .

Тәтті де іштім, ащы да іштім, нанбайды.

Жүрек нені, жүрек нені талғайды?!

Қыр басында отыратын ауылдың

Қымызымен жібітер ме ем таңдайды (2,63).

3 . ауыс. Уытты, зәрлі, өткір.

Қара жерімдей қайыспас менің төзімдім,

Көрмесем екен жылаған сенің кезіңді.

Көзіңде жасың, көңіліңде ащы сөзіңді,

Есітпей, көрмей, жамылсам екен бөзімді (2,219) Ей, келін, тілің қандай ащы еді, қарағым, жас басыңмен (4,161).

4 . ауыс. Дауысы құлақ тұндыратын, қатты .

Оның бүкіл поэзиясында ащы бір сарказм сезіледі, онысының өзі де қарусыз көзге көріне бермейді (4,308).

Тәйт, әрі, неткен ащы дауысың!

Мен бе екен жыртатұғын күң намысын?!

Берілмеген қос құлақ ер жігітке

Әйелдің бақырғанын тыңдау үшін (1,191).

Күндіз де емес, түн де емес, сенбе мейлің, сен мейлің,

Қиындағы қырдың шегін, шетін көрмеймін,

Естіп тұрдым алайда ащы үнін кернейдің (5,146).

5 . ауыс. Қиын, ауыр, азапты.

Жылауға да хақың бар, жыла Бану.

Жараңды жаза алса егер жылағаның.

Махаббат тәттісіне тойдың дағы,

Адастың, ащысына шыдамадың.

Мен сені жұбатпаймын жыла, Бану! (1,148).

«Еркінсіген, ей, адам, ішінде әлі жандардың!

Азап пенен сорларға назарыңды аударғын,

Бұдан ащы жапаны көрген жоқсың, аңғарғын (5,135).

Олардың ащы тағдырлары оншама аялы алақанды көре қоймаған (4,288).