ӘДЕТ

lat: ÁDET

зат. Бойға біткен, қалыптасқан, үйреншікті іс-әрекет, қылық .

Сәлем бер жас буынға, басыңды ій,

Мені сүйген адамды мен болып сүй.

Ежелгі әдетіңнен айнымастан,

Ғаріпті жұбата біл қайғы басқан (1,77).

Сонау қырда бір бөрі,

Шыр айналып, тіміскіп жүр, иіс қуып ілгері.

Ол бөрі ғой, әлсіздердің жауы ғой.

Құба жонды еркін жортар әдеті ғой күндегі (2,264).