ӘЙГІЛІ

lat: ÁIGİLİ

сын. 1 . Белгілі, танымал, мәлім .

Кентауым, Қазығұртым, Қаратауым,

Әулиеата әйгілі ақ отауым,

Тойға шашу жіберіп, торқа жауып,

Әлдилеп жатыр бәрі Алатауын (2,352).

Отан сүйгіш елімнің ізгі салтын,

Әлем білген әйгілі совет халқын.

Дарқан күш, қайнар бұлақ білім шыққан,

Мадақтасам Ұлы Отан өшпес даңқын (1,13).

2 . Атақты, даңқты .

Құшағына ап құшты үнсіз, бөгде сөзді доғарды,

Бастап қойған сапарға тағы қайта жол алды,

Әйгілі әлгі апанға кері қарай оралды (5,92).

Содан бері атанды ол әйгілі Аштық Мұнара,

Талайларды еркінен де айырылтар бұл ара,

Жазаландым сол арада, сонда баттым күнәға (5,156).