БАСПАЛДАҚ

lat: BASPALDAQ

зат. 1 . Көп қабатты ғимараттар мен үйлерге шығып-түсу үшін арнайы жасалған басқыш, саты . Айқыш-ұйқыш афишалар қанжоса, Ызғар шашқан суық үйлер, сұр үйлер. Қаңғырудан басқа амалың қалмаса, Баспалдаққа басың қой да, құри бер (2,41). Сойқаны мол тереңге, сол бір сорлы қуысқа, Үміт өлген жүректе, үміт өлген тыныста , Баспалдақпен бірінші бару әлде дұрыс па? (5,43). 2 . ауыс. Өмірдің әдепкі, қалыпты кезеңдері . Аттай жүріп өмірдің баспалдағын , Бірі менмін қайғыдан қашқан жанның, Көзім жасын көл етсем сөнер ме екен, Көмейімнен лапылдап шашқан жалын?! (2,85). Алда тұрды өмірдің баспалдағы Аттау қиын демеусіз жас жанға әлі. Семьяның тірегі әке бізге Жұлдыздай боп көрінді аспандағы (2,338).