БАСТАМА

lat: BASTAMA

зат. Бір нәрсенің басы, алғашқы үлгісі қайнар көзі .


Ерліктер... және ерліктері қайталауда,

Жұмыр жер мұны бұрын байқаған ба?!

Алексей Стаханов бастамасын Ерлік емес деп ешкім айта алар ма?! (3,143)


 Шашын ұстап қызы тұр, ділгіреді

.Тарқатып та, өріп те үлгіреді.

Қолаң шашы оның бар айыптың Бастамасы болды ма, кім біледі?! (4,33).