БЕС

lat: BES

сан. 1. Төрттен кейінгі есептік сан . Келгелі жиырма жыл мен өмірге, Қызығын жиырманың көремін бе? Кім білсін, жасай алмай енді бес жыл Жабығып жайбарақат өлемін бе? (1,72). Бастағаннан бер қарай бұл қатерлі сапарды, бес рет ай төменде жарық етті жапанды, бес рет күн өз сәулесін ұясына апарды (5,126). 2. пед. «Өте жақсы» деген ең жоғары баға . Мәссаған! Мына өтірікшілердің отырысын қарай гөр. Уәделерің қайда? Гүлдерің қайда? Проективная геометрия « бес » (4,208).