БИКЕШ

lat: BIKESH

зат. Бойжеткен қызға, жас әйелге сыпайылық көрсеткенде қолданылатын сөз .

Анасының алдына тұра қалды,

Үрей, күдік аралас тұман алды.

Мерзімінен кешіккен керім бикеш

Ана алдында таба алмай тұр амалды (4,32).

Гүл сүйген жан, әдетте, оқ алдында оңар ма?

Кінәмшіл бикеш оқ деген, рақым күтіп болар ма? (4,38).