ҒАЛАМАТ

lat: ǴALAMAT

ар. сын. 1. Керемет, айтып жеткізгісіз, ғажап .

Аһ, далам; айхай, далам; сағым далам,

Бір бұдыр жоқ-ау көзге шалынбаған;

Бір ғаламат бойында сабыр бар-ау,

Аспан құлап кетсе де тарынбаған (2,84).

Екі дүние ерегісіп жатқанда

Сұңқар құлап жартасқа,

Дауыл тұрған шақтарда,

Күшігендер ақпанда,

Сай, жыраны паналап,

Жемтік іздеп баққанда,

Жұмыр жерді аралап,

Кетті бір үн ғаламат (3,31).

2. Жан түршігерлік, жойқын .

Алып қашып адамдардың арманын,

Жер төсінде не ғаламат боп жатыр.

Капитализм бостандыққа жандарым,

Бой күйез боп, жолда тұр (2,53).

Жүріп келем таулардың ортасында,

Сан ғаламат үрей тұр шор тасында.

Сан салалы сай-жыра қойнына алды,

Солай ма екен?!..

Батырлар, қорқасың ба?! (2,274).