ҒАЛЫМ

lat: ǴALYM

зат. Белгілі бір ғылым саласының маманы, оқымысты, ғұлама .

Тыныштық үшін, халық үшін!

Қайырлы түн, ғалымдар !

Ақтарыңдар ақылды,

Тыныштықты тойлаңдар.

Рақмет, әкелдіңдер атомды,

Енді соны ажал етпеуді ойлаңдар (1,296).

Уақыт бар ма ұлы өмірді жеңбеген,

Бақыт бар ма адам бұрын көрмеген,

Ғалым бар ма ақыл, ойы кернеген,

Ғылым бар ма дүниеге келмеген (2,54).