ДӘРЕЖЕ

lat: DÁREJE

зат. 1 . Атақ, абырой, мәртебе, шен-шекпен .

Мансап, атақ, дәреже ?!

Қайдан болсын.

Алдақашан жығылған сайран қосым. Арсалаңдап алдымнан шығатұғын,

Қырда жатыр қимасым, қайран досым (3,222).

Бұл күнде жоқ әжелер, аталарым,

Кім күтсін, кімнен барып бата аламын.

Кім сейілтсін көңілді қападағы,

Кімге керек дәрежем, атақ, арым?!

2 . Әлеуметтік орны, деңгейі .

Өз дәрежең болмаса, Бұл жалғанда несіне өмір сүргенсің?! (3,254).

3 . ауыс. Мөлшер, шама, меже .

Мәселе адамның ет жүрегін езілтетін осы бір қайғылы халдің Еркеш поэмасында қаншама шарықтау шегіне көтеріліп, қаншама дәрежеде жариялануында (4,250).