ДЕҢГЕЙ

lat: DEŃGEI

зат. 1 . Бір нәрсенің шегі, шені; тұсы.

Тозақы рух, мойныңды сипап, қане, көр дейім,

Шынжырды тап алдымен, сипап қара деңгейін ,

Қарыныңның үстінде ілулі тұр кернейің (5,148).

2 . ауыс . Біреудің шыққан биігі, көтерілген жері.

Қостанай, жеткізе алман мақтауыңды,

Даңқыңды дүйім қазақ жатқа білді.

Нұрқанның деңгейіне көтерілсем,

Төпеп-төпеп жіберіп ақпа жырды (2,347). Қазіргі қазақ поэзиясы кемелдену шағында дегенімізбен, оның әзіргі бары мен жоғына, көтерілген деңгейіне биіктен қарап, биіктен көңіл аудармасқа болмайды (4, 276).