ДЕСТЕЛЕ

lat: DESTELE

ет. 1. Орақпен орылған егінді баулап, қаттап, текшелеп жиып қою.

Қайран біздің жеңгейлер!

Өскен ерен,

Егін орып, бау байлап, дестелеген .

Алақандай ақ шытқа мұңын шағып,

Хат жазатын кешкісін кестеменен (2,147).

2 . ауыс. Ойын жүйелеу, реттеу .

Аяулысын алам деп еске немен,

Сүюін шын дәлелдеп кестеменен.

Сүйгенінің ұмытпас айғағы етіп,

Тек саған ой-қиялын дестелеген (1,72).