ЕРЕКШЕЛІК

lat: EREKSHELİK

зат. Өзгешелік, айырмашылық .

Жалпы, Жұбанның поэзиясындағы ерекшелік ақын өзі дүниені қалай түсінсе, дәл солай, бүкпесіз, тіпті бояусыз-ақ батыл, көреген қарапайымдылықпен лақ еткізу (4,261).

Бұрын ешкім таба қоймаған, айта қоймаған ойды тауып, шеберлікті сол ойға бағындыру ақынның ерекшелігі сонда танылмақ (4,314).