ЕРІКТІ

lat: ERİKTİ

сын. 1. Өз еркі өзінде, ықтиярлы, тәуелсіз .

Бұза алмайды, сәби жүрек бекінед,

Қозғаған жан қолы сынып өкінед.

Неге соғып қираса да ерікті,

Лепірген шіркін албырт көкірек! (1,34).

Сен көрікті едің...

Көріктісің!

Баяғы бойындағы желік күшің.

Не істеймін десең дағы еріктісің,

Себебі көріктісің, көріктісің! (3,228).

2. Күштеусіз, зорлықсыз, өз еріктерімен, әскер қатарына кірген адам.

Өрт қаптады,

Өршітіп желікті жел,

Көк түтінге көмілді көрікті жер.

Салтанатпен сап түзеп бара жатты,

Жер шарынан жиналған Еріктілер .

Испания халқына ерікті бер!(3,36).