ЕРІН

lat: ERİN

зат. Ауыздың астыңғы және үстіңгі жақ жиегі.

Жылап жатыр.

Өбісуде еріндер,

Жыламаған жалғыз ғана кебір жер.

Жылап жатыр үйленбеген күйеулер.

Жылап жатыр үйге енбеген келіндер (1,181).

Сүйген ерін сүйгісі келе берер, О, жастық!

Махаббат тап, көгере бер!

«Сүйгемін жоқ, өлгемін», - дер едім мен,

«Сүйдің бе?» - деп сұраса менен егер (3,222).