ЖАҒДАЙ

lat: JAǴDAI

зат. Хал-жағдай, тұрмыс .

Тоқта, тоқта, ей, жігіт, аялдағын,

Қане, қалай жағдайың , баяндағын.

Тәжірибе мектебін өтіп жүрсең,

Дәрігерлік кәсіпке таянғаның (3,75).

Берсін, берсін, Не көрмеген бұл басым?!

Тек жүрегім жыламасын, жырласын.

Жағдай міне, рақмет, құрдасым!

Жалғыз қалам, Жалғыз дәптер сырласым (3,122).