ЖАЗЫҚ

lat: JAZYQ

зат. геогр. Ой-қыры жоқ, кең алқап, тегіс аймақ.

Бауыры жазық , басы тау Қарқараның,

Қолдан келмес парызды арқаладым.

Қайыспай-ақ қасына барар едім,

Қарсыласып болмады, қорқады арым (2, 332).


Кете барды арқалап азықтарын,

Артқа тастап тауларын, жазықтарын .

Қойшы, әйтеуір, қалдық қой екеуміз де,

Тауыса аларсың қалайша жазып бәрін (2,335). //


Кедір-бұдырсыз, тегіс (жер). «Бар бояудың түсін сонда ғана мейлінше пайдаланасың», деп, сайдың оң жағындағы балауса жамылған жазық бетті нұсқап еді (4,142).