ЖАЛҒЫЗДЫҚ

lat: JALǴYZDYQ

зат. Ешкімі жоқтық, саяқтық, даралық .

Өкінбе жалғыз жүрмін деп,

Несіне өмір сүрдім деп.

Бәрінің де аты жалғыздық,

Келеді бәрі бір-бірлеп,

Кетеді бәрі бір-бірлеп (2,379).

Ақыры мына, Бақ, қондың,

Баянсыз емес, нақ қондың.

Қастарыммен қақ бөлдім,

Достарым, бірақ жоқ болдың.

Жалғыздық деген құрғырға Бақ қонды дағы тап болдым (3,68).