ЖАС

lat: JAS

зат. Жылағанда көзден шығатын дәмі ашшылау келген сұйық зат .

Отырмын басымда бұлт, астымда тас,

Айланды ұршықтайын бір ғазиз бас.

Қайғылы қара көзден шыңырауға,

Мөлт етіп бұршақтайын төгілді жас (1,41).

Көзіңнің жасын көрмесем екен сенің мен,

Қайғыңнан сенің қабырғам талай сөгілген.

Қара көзіңнен қара моншақтар төгілген,

Қалған тұқыммын қара моншақтан себілген (2,219).