ЖАУАПКЕРШІЛІК

lat: JAÝAPKERSHİLİK

зат. Белгілі бір нәрсеге жауапты болушылық, міндетіне алушылық . Өз дәуірінің, өзі өмір сүріп отырған қоғамының азаматы болу дегеніміз асқан жауапкершілікті керек етеді (4,273). Осының өзі-ақ поэзияға деген жауапкершіліктің шамалап болса да артқанын көрсетеді (4,281).