ЖЕМІС

lat: JEMİS

1. зат. Ағаштар мен бұталардың басына шығатын миуасы; мәуе .

Қошқыл қоңыр жапырақтар салбырап тұр аслылып,

Жыбырлаған әрбір бұтақ шырмауықтай жасырып,

Жеміс те жоқ, қылқандардан у сорғалап, шашылып (5,60).

2 . Өнім, нәтиже .

Күз болса, болсын! Үмітімді, әсте, үзбен мен.

Көктемнің сепкен жемісін маған күз берген.

Сырласып тұрам, Орылған алқап,

Сыбызғы тартып қурайдан, Қуарған құла түздермен (3,160).

Өздерің өсіріп, өздерің жинаған егіндеріңнің енді жемісін алыңдар, қане кім қанша қаласа, сонша алсын, алыңдар, ыдыстарың толғанша алыңдар, деген (4,111).

3 . ауыс.

Жеткен жетістік, тапқан табыс.

Бақыттысың, пісер сенің жемісің ,

Көгересің еңбек етіп ел үшін.

Сенің сондай оқушылық өмірің,

Өте қымбат, тәтті қиял мен үшін (1,25).

Бәрі де, Отан, сен үшін!

Мәуелеп тұрған жемісім ,

Еселеп жатқан жеңісім

Бәрі де, Отан, сен үшін (3,47).