ЖЕҢІМПАЗ

lat: JEŃİMPAZ

сын. Қиыншылықты жеңгіш, жеңілмейтін .

Жеңеміз аштықты. Сенем мен!

Кез болар нанға да кенелген.

Октябрь әкелген отты ұшқын,

Кетпесе болғаны тек елден (1,124).

Қия алмай оны, Қиылып айлы түн кетті. Жалауын алып жеңімпаз жаңа күн жетті. Жым-жылас, жым-жырт, таскерең етіп тәңірі, Табиғат та оны күндеген екен, білмепті (2,154).