ЖЕТІ

lat: JETİ

сан. Алтыдан кейінгі есептік сан .

Екі ана, екі ғана дос болатын,

Екі іні, құла құнан қос қанатым.

Жеті жетім сүйеніп бір-біріне,

Қайғы дейтін қаңырап бос қалатын (1,257).

Жеті жыл өтті-ау күреспен,

Жеті жыл. Көпті сеземін...

Өмірмен тете бір өскен,

Өрсің-ау менің өз елім!

Өз елім менің өзегім (2,280).