ЖОМАРТ

lat: JOMART

сын. 1 . Еш нәрсесін аямайтын, қолы ашық, мырза .Көріп тұрсыңдар ма, қыздар, біздің Асанчик қандай жомарт ! (4,221).

2 . ауыс. поэт. Жаны жайдары, ақ көңіл, кең пейіл .

Адамдарға үлестіріп барыңды,

Жеңер едің күйкі өмірді желіккен.

Ех, Ленхен!

Сенің жомарт жаныңды,

Патша етіп жаратпаған неліктен?! (2,45).

Қапаста жатса дағы күрсінбеген,

Жомарт менің жүрегім дүрсілдеген.

Міне, соның жасырмай алуан сырын,

Ақтарайын, ел-жұртым білсін деп ем (1,91).

3 . ауыс. Бай, кең, дарқан .

Оу, менің жомарт далам, Мырза далам!

Аймағын алтынменен сырғалаған,

Достықтың дастарқаны жайылғанда,

Досым түгіл қасым да ызра маған (3,215).

Көбейіп кеткен екен әжімдерім,

Қайтейін, әзілдесең, әзілдегін.

Басымнан барады өтіп жазым менің,

Қабылда жомарт күзді, назым менің! (3,124).