ЖҰДЫРЫҚТАЙ

lat: JUDYRYQTAI

сын. Кіп-кішкентай, құрттай.

Атамзаман... Атанып «аруақ қонған»,

Алып жартас мәңгілік салмақтанған.

Жұдырықтай қарт зергер тасты қашап,

Бір тал масақ мүсінін салмақ болған (1,202).

Мына бір жәйді қараңыз,

Кетті ме лақ жамырап?!

Жұдырықтай ғана құс

Төбеден өтті аңырап (2,310).