ЖҰЛДЫЗ

lat: JULDYZ

зат. 1. Түнде жарқырап, түймедей болып көрінетін аспан денесі.

Алдымен Аспан көргенім.

Айды, Күнді, Жұлдызды

Сонан соң барып көргемін.

Алдымен аспан көргенім,

Сонан соң барып таныдым,

Бұлттардың қаптап өргенін (1,234).

Ашық аспандағы жұлдыздар да бір сөніп, қайта тұтанып тұрғандай (4,151).

2. Кеңес үкіметі кезіндегі «Қызыл жұлдыз орденін» халық қысқартып осылай атаған.

Ерлік, ерлік! Еншіміз сан салалы:

Пионерлер кеншіні қарсы алады,

Төмен аққан төсінен қос жұлдызға,

Қаракөздер құмартып тамсанады (2,12).