ЖҰМЫРТҚАЛА

lat: JUMYRTQALA

ет. Жұмыртқа салу, тұқымдау.

Сағынышым тек өзіңсің бір ғана,

Ұшып жетті қарлығаш та, тырна да.

Саралақаз жұмыртқалап үлгірді,

Кеше екеуміз асыр салған жылғаға (1,84).

Қасіретті, қайғыны тастап әрі,

Адамдардың ашылып қас-қабағы.

«Қой үстінде бозторғай жұмыртқалап»,

Уыз өмір қайтадан басталады (1,267).