ЖЫЛЫ

lat: JYLY

сын. 1 . Ыстық пен салқынның аралық қалпы .

Тамсанады қыран да,

Тамсанады күртік қыр.

Жылы аспаннан бұларға,

Жылы жаңбыр бүркіп тұр (1,219).

Кешкісін оранып ап ақ сабанға,

Жатушы ек бой берместей атса жауға.

Таңертең жылы орынды қия алмаушы ек,

«Тұр, тұрлап» бригадир қақсағанда (3,205).

2 . Суық өткізбейтін, денені суықтан қорғайтын . Төсегінен жеңіл тұрып, жылы халатын жүре киініп, башмағын іле сала терезенің пердесін ашып еді, әйнекке аяз тұрып қалыпты (4,144). Кемпірді бір есікке кіргізді де, сыртын құлыптап, өзі жылы киініп, далаға шықты (4, 196).

3 . ауыс. Мейірімге толы, ақ ниетті .

Аяңдады, артына жалт қарады,

Сырлы қайың сидиып қап барады.

Тұла бойды тұлпардай тықыршыған,

Бір жылы әуез жүректі ақтарады (1,145).Үйінде өзі жалғыз екен. Жылы қарсы алды (4,48).