ЖЫЛЫ

lat: JYLY

ет. 1 . Бір нәрсенің қызуымен жылы қалыпқа келу, жылыну .

Ойладым да суық деп ақша қарды,

Суық болып, адамдар жат саналды.

Сәл жылыса , қар дейтін ериді екен,

Ағыл-тегіл суарып бақшаларды (2,32).

Күн жылыған , жер жібіген,

Құстар келген шақтарда,

Төрдегі өрген төрт түлікке,

Төл жамырап жатқанда,

Көзімді алмай қарайтынмын егістікке телміріп,

Бірде шалқып, бірде жанып, бірде өшкен оттарға (3,237).

2 . ауыс. Мейірі түсу, көңілдену . Суып барғам суытқан қылықтардан, Жылып қайтып кеткен ем, (суып барғам). Арасынан орманның ақын көрдім, Жырын іздеп жүр екен ұмыт қалған. Жағасында Есілдің тұрыпты арлан! (3,18).